Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Балалар кітапханасы жобасы» аясында 23 сәуір 1995 жылы ЮНЕСКО -ның бастамасымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні ретінде белгіленді.Мақсаты:Кітап оқуды насихаттау,біліммен шығармашылық еңбекті құрметтеу,сондай -ақ авторлардың құқықтарын қорғау қоғам назарын аудару.Айтулы күнде оқырмандар санын өсіру үшін білім алушылар өздері оқыған кітаптары туралы ой -көзқарастарын білдіре отырып,сыныптарын кітап оқуға шақырды.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.М.Жапарова қазақ тілінің сабағын бүгінгі күнмен үйлестіріп өткізіп ,білім алушыларға құнды мәліметтер берді.Нәтижесінде білім алушылар кітаптың өмірлік ризық боларына тағы да көз жеткізді.