Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Педагог-сарапшы Айгүл Мирашқызының 7- сыныпта  «Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері» атты ашық сабағы өтті.
Мақсаты:өздігінен және айқас тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау;
Нәтижесінде:
Гүлдің құрылыс бөліктерін (тостағанша, күлте, аталық, аналық) танып, олардың қызметін түсінді;
Өздігінен және айқас тозаңдану түрлерінің айырмашылықтарын сипаттап, әр тозаңдану түрінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырды;
Әр тозаңдану түрінің өсімдіктің көбеюіндегі рөлін түсініп, қай жағдайда қай тозаңдану түрі тиімді екенін дәлелдермен негіздеді;
Топтық жұмыс арқылы сыни ойлауды,функцияналды сауаттылық, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытты;
Сабақ барысында теорияны практикамен байланыстырып, тірі табиғаттағы құбылыстарды биологиялық тұрғыдан талдай алды.

Ашық сабағы «өте жақсы» деп бағаланды