Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Ұшқыр ой алаңы»жобасы аясында «Ұлт болашағы – білімді ұрпақта!» тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өтті
Мақсаты:
Бұл турнирдің негізгі мақсаты – жастардың бойында сыни және аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, қоғамдық мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыру, пікір айту мәдениеті мен шешендік шеберлігін шыңдау. Сонымен қатар, білім мен ғылымның ұлт болашағындағы орны мен рөлін терең ұғына отырып, білімді ұрпақ тәрбиелеудің маңызын насихаттау.
Міндеттері:
Қатысушылардың өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізу дағдысын қалыптастыру;
Жастар арасында зияткерлік бәсекелестікті арттыру;
Қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарға бейжай қарамайтын, белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлға тәрбиелеу;
Білімнің ел дамуы мен ұлттық құндылықтардағы орнын айқындау.
Қысқаша сипаттама:
Пікірсайыс турнирі қазіргі заман жастарының өзекті тақырыптар бойынша ой бөлісіп, интеллектуалды жарыс алаңында шыңдалуына мүмкіндік береді. «Ұлт болашағы – білімді ұрпақта!» тақырыбы аясында қатысушылар білім мен ғылымның маңыздылығын әртүрлі көзқараспен саралап, тың ой-пікірлерімен бөліседі.
Қортындысында : «Асылсөз»дебат командасы жүлделі 3-орын иеленді , білім алушыларға Сертификат пен мадақтама табыс етілді.