Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ақан Нұрманов 1933 жылы 30 сәуірде Талдықорған облысының Ақсу ауданында туған. Бірақ өскен, тәрбие алған жері Торғай облысы, Аманкелді ауданы. Әкесі Отан соғысының құрбаны. Ақанның өнерлі, өркенді боп өсуіне әкесінің інісі Шәймерденнің көп жәрдемі тиген. Ол кісінің айтуынша Ақан жасынан зерек, ұғымтал болған. Мектепте  гуманитарлық пәнге ғана емес, математикаға  да өте жүйрік екен. Сондықтан болар, ол әуелі Алматының Тау-кен институтына түсіп, жазушылыққа бүйрегі бұрған кезде оны тауыспай, Киров атындағы университеттің филология факультетін бітіріп шығады. Сосын Ақан орыс, қазақ тілдерінде бірдей жаза беретін. Ол өзінің “Аққудың жұлдызы” атты повесін әуелі орыс тілінде жазған еді. Кейін архивін ақтарғанымызда қолдарыңызда отырған романның алғашқы нұсқалары, кей тараулары орысша жазылғанын байқадық. Мұның бәрі Ақанның жазушылық секілді қасиетті талапқа қаншалық дайындықпен келгенінің куәсі.

Бүгін — көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Ақан Нұрмановтың туған күніне орай 1-4 сыныптар Ақан мұражайына саяхат жасады. Ақан жайлы ақпарат алды.
Ақан Нұрманов — қазақ әдебиетінде шынайы бейнелерді сомдап, адамгершілік пен елдік мұраттарды арқау еткен қаламгер. Оның шығармалары арқылы біз ұлттық болмысымызды, ел тарихын тереңірек танып келеміз. Ақан Нұрмановтың туындылары — жастарға бағыт көрсететін рухани қазына. Оның еңбегі мен өнегелі өмір жолы біз үшін мәңгілік үлгі.

Жазушы Ақан Нұрмановтың бұрын жарық көрмеген жазбаларына арналған танымдық шара өтті. Шарада тарих пәні мұғалімі Шайманова Жұмабике Таңатқанқызы тың деректермен бөлісіп, жазушының шығармашылық қырларын тереңірек ашып көрсетті.
Кездесу оқырмандарға ерекше әсер қалдырып, тарихи әдебиетке деген қызығушылықты арттырды.

Ұлы жазушының шығармалары ұрпақпен бірге жасай берсін!