Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы тақырыбында батырдың 115 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты: Аты аңызға айналған қазақтың біртуар перзенті,әйгілі қобасшы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтау өшпес ерлігін дәріптеу. Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты дарыта отырып,олардың елін, жерін сүйетін патриоттық сезімін ояту, бабалар ерлігін насихаттау.
Іс-шарада Бауыржан Момышұлының сұхбаты, ол кісі ерлігі туралы бейнебаян, батырдың келіні Зейнеп Ахметқызының естелігі көрсетіліп, нақыл сөздері мен кітаптары таныстырылды. Жас ұрпақ тарапынан сұрақтар қойылып, пікіралмасу жүргізілді.