Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қолдасбаев жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында аудандық дәстүрлі «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы өтті.
Білім алушыларымыз өз жобаларында таңғаларлық идеяларымен, ерекше талпыныстарымен және зерттеу қабілеттерімен қуантты.
Әр оқушы өз жобасын үлкен жауапкершілікпен қорғап, тыңғылықты дайындалғанын көрсетті.
Нәтижесінде 4сынып білім алушысы Дүзембай Нұрәділ Жомартұлы ІІ орын ,3сынып білім алушысы Нағашыбайқызы Аруназ ІІІ орын иеленіп,мақтау қағаздарымен марапатталды.
Болашақ ғалымдарымызға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер тілейміз!