Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау мерекесі күні Қостанай қаласында «Сен үздіксің!» атты салтанатты жиында халықаралық және республикалық ғылыми, спорттық, шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы оқушылар мен жетекшілерін құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хаты мен арнайы Сертификатын табыстады.

Жеңімпаздар арасында А.Нұрманов мектебінің 11-сынып оқушысы Жапарова Жания, жетекшісі қазақ тілі пәні мұғалімі Қаласова Гүлбарам Дүйсенқызы да бар. Жания қазақ тілі пәні олимпиадасының республикалық кезеңінің жеңімпазы. Бұған дейін де республикалық Яссауйтану, Қ. Бітібаева атындағы пән олимпиадасында жеңімпаз болды. Жания- мектеп түлегі «Алтын белгі» үміткері, дарынды оқушы. Болашағың жарқын болып, ел атын шығарар азамат бол, Жания!