Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл” тақырыбында диктант жазу шарасы өтті

2025 жылдың 5 қыркүйек күні еліміз бойынша өткен Бүкілқазақстандық диктант жазу күні аясында А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 -11 сынып оқушылары арасында “Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл” тақырыбында  диктант  ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституция туралы білімін арттыру, құқықтық сауаттылықты дамыту, мемлекеттік рәміздерге, ел заңдарына деген құрметті қалыптастыру. Сонымен қатар, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру мен азаматтық жауапкершілік сезімін нығайту  диктанттың басты міндеттерінің бірі болды.

Диктант мазмұны Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты маңызды деректер мен ел дамуына қосқан үлесін сипаттайтын мәліметтерге негізделді. Шара барысында оқушылар өздерінің жазу сауаттылығын ғана емес, елге, Отанға деген құрметін де көрсете білді.

Аталған іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін оятып, құқықтық мәдениеттің қалыптасуына оң әсерін тигізді. Алдағы уақытта да осындай танымдық, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жалғасын табатын болады.Іс-шараға барлығы 30 оқушы қатысты.