Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 — 2025 оқу жылының «Мектебім — мейірім мекені» атты салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға 1 және 11 сынып оқушылары,ата-аналары қатынасты. Жиынды білім беру ұйымының басшысы К.Б.Шонгалов ашып оқушылардың білімге деген алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі. Кезекпен сөз алған ауыл әкімі А.С.Зейнолдин, ата-ана атынан Рахметова Күлиза әже жүрекжарды жылы лебізін білдіріп «Алғашқы қоңырау» мерекесімен оқушыларды құттықтады. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетті. Жиын соңы «Алғашқы қоңырау» соғу рәсімімен жалғасты. Қоңырау соғу 1 сынып оқушысы Алтайұлы Нұрасыл мен 11-сынып оқушысы Жапарова Жания Дәулетқызына берілді.

Қазақстан халқы тілдері күні мен А. Байтұрсынов туған күніне орай «Тіл- достықтың тірегі» тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: Білім алушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Ұстаздар күні қарсаңында Дублер күні ұйымдастырылады. Оқушылар мен педагогтердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың әлеуметтік құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдай жасау мақсатында өткізілетін іс –шараға педагогтер мен 5-11 — сынып оқушылары , мектеп парламенті мүшелері қатынасатын болады.
Дублёр күніне байланысты мектеп директоры Дублёр күнін өткізу туралы, сондай-ақ құрамына педагогтер, Қамқоршылық кеңес және мектеп парламенті мүшелері кіретін бастамашыл топты құру туралы бұйрық шығарады;
Мектеп директорының дублёрлік қызметіне кандидатураны бастамашыл топ ұсынады. Бастамашыл топ мектеп қызметкерлерінің рөліне үміткерлерді таңдайды және олардың тізімін Дублёр күніне дейін мектеп директорына бекітуге ұсынады;
Мектеп директорының дублёрі мен бастамашыл топ міндеттерді нақтылау үшін дублёр-білім алушылардың жиналысын Дублёр күніне дейін ұйымдастырады және өткізеді;
Дублёр күні кезінде лауазымы мектеп оқушысымен ауыстырылатын адамдар оларды алмастыратын оқушымен егжей-тегжейлі нұсқаулық өткізеді. Нұсқаулық барысында: өз міндеттерінің шеңберін қысқаша баяндау; ауыстырылатын лауазымды атқара отырып, дублёрдің жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесін талқылау; сабақтың немесе іс-шараның жоспар-конспектісін жасауға көмек көрсету; Дублёр күніне кемінде бір күн қалғанда әдістемелік ұсынымдардың бар-жоғын тексеру қажет.
Дублёр күні өткізілетін сабақтардың, сынып сағаттарының және басқа да іс-шаралардың санын білім беру ұйымы өз бетінше айқындайды.
Мектеп қызметкерлері ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып, өздерінің жұмыс орындарына бақылаушы ретінде қатысады. Әкімшілік-педагогикалық құрам өз дублёрлеріне қажет болған жағдайда кеңес бере алады. Олардың қызметіне ерекше қажеттіліксіз араласуға жол берілмейді. Лауазымдық нұсқаулықтарды дублёрлер өрескел бұзған жағдайда, мектеп қызметкерлері оларды жұмыстан шеттетуге құқылы.

Ұстаздар күніне байланысты мұғалім мамандығының үлкен жауапкершілігін көрсету мақсатында «Жазылмасын жұбымыз» тақырыбында кездесу өтті.Кездесуге екі отбасы қатысты. Оқушылар сұрақтар қойып,қызықты ойындар ұйымдастырылды.

А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп парламенті» президентінің сайлау өткізілді.
Сайлауға қатысуға 6 кандидат тіркеліп, өз бағдарламасын ұсынды. Мектеп мұғалімдері мен ата-аналары, білім алушылары ашық түрде дауыс беріп,өз кандидаттарын таңдады. Сайлауда 86 бюллетені таратылды.
Сайлауды өткізу барысында сайлау ережелері сақталып, бақылаушылар мен сенімді өкілдер қызметтерін өз дәрежесінде атқарды.
Сайлау нәтижесінде басымдылықпен 38 дауыс жинаған (44,2%) 10-сынып білім алушысы Сейтбек Айсәуле Қайратқызы Мектеп парламентінің президенті болып сайланды.
Өзін-өзі басқаруда, мектеп парламенті президентінің жұмысын ұйымдастыруда сәттілік тілейміз!

Респубика күніне арналған «Республикам — мақтанышым!» мерекелік салтанатты жиыны.
Жиында білім алушылар өлең жолдарын арнап, мектеп парламенті президентін ұлықтау рәсімі өтті және парламент құрамына (фракция) куәліктері тапсырылды. Сонымен қатар білім жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі мен әріптестің кәсіби нығаюына қолдау көрсеткені үшін ұстаздарға мектепішілік Құрмет грамотасы табысталды. Мектеп өміріндегі іс-шараларға және білімге қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін білім алушылар арасынанда да Құрмет грамотасы берілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын тереңірек ашу, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында жиын өтті.
Сонымен қатар «Жас қыран», «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау болды. Мектеп басшысы Шонгалов Куандык Бакытович сөз алып білім алушыларды ұйымға өтумен құттықтап жақсы оқуға,тәрбиелі,ақылды азамат болыңдар деп тілегін жеткізді.
Жас қыранға -12 білім алушы,Жасұланға — 13 оқушы қабылданды.

Мектеп парламенті.
«Есірткіге жол жоқ!» челленджі аясында жаман әдеттерге балама ретінде физикалық белсенділік пен спортты насихаттау мақсатында 7-10 сыныптар аралығында баскетбол жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа 7-10 сыныптардан төрт команда қатынасты. Командалар белсенді,тартысты ойын көрсете алды.
🏆Нәтижесінде:
🥇І орынды 8-сынып
🥈ІІ орынды 9-сынып
🥉ІІІ орынды 7сынып пен 10 сынып иеленді
Ұйымдастырушы: Спорт және салауатты өмір салты фракциясы жетекшісі 10 сынып оқушысы Асетұлы Алнұр

Мектеп парламенті
«Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайту, сырласу, әр студенттердің қиын да қызықты күндерін тыңдай отырып, оқушыны шыдамдыққа баулу, кәсіптік бағдар беру мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 3,4 курс студенттері қатынасып оқушыларға өз ойларын айтып, қызықты сәттерімен бөлісті. Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын айтып, жақсы көңіл-күймен тарасты

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы.
БП «Зорлық — зомбылық туралы видео ойындарына тыйым салу керек пе деп есептейді» тақырыбында 7-8 сынып оқушылары арасында пікірсайыс ұйымдастырылды.
🏆Нәтижесінде:
І орын 8-сынып.
ІІ орын 7-сынып иеленді.
7-сынып оқушысы Сәтбай Жанерке «Үздік спикер» номинациясын жеңіп алды. Ұйымдастырушы: Дебат фракциясы жетекшісі 9-сынып оқушысы Бейсенбай Кәусар

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
⚕️5-8 сынып білім алушыларына «Нашақорлыққа жол берме, ғасыр індетінен аулақ бол» бейнефильмі көрсетілді.
⚕️Есірткі заттарының жас ағзаға тигізер зиянды әсері, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік берілді.
⚕️Нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, сақтану жолдарын дұрыс таңдап, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруді насихаттау жұмыстары жүргізілді

Мектеп парламенті Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!

1-наурыз Алғыс айту күніне орай мектеп парламенті ұстаздарға құттықтау жолдады.

8 наурыз Аналар мерекесіне орай «Нәзіктікке толы әлем» тақырыбында шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Құжаттама