Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 27 мамыр күні «Балалардың қазіргі заманғы қосымша білім беру ортасы жағдайында тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Тиімді жұмыс тәжірибесін зерделеу,тарату, қосымша білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған семинарда «Даналық мектебі» өз жұмыстарымен бөлісті. Әкелер мектебі тұрмыста қолданылатын қалдықсыз заттардан «Қамшы өру», «Қалақ жасау» жұмыстарын көрсетті. Аналар мектебі қол дирімені арқылы бидай тартып, талқан дайындап жент жасады. Ұмыт бола бастаған кілем тоқу дәстүрін  қыз балаларға көрсете отырып, тоқудың түрлерін, кілемге ою салу жолдарын үйретті.

Қорытындылай келе,жасалған жұмыстар жас ұрпаққа болашақта тиімді нәтижесін береді деп ойлаймыз.