20 қараша – Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні. 1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде «Дүниежүзілік балалар күнін» мерекелеу үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынды. Осы мереке аясында және KPI көрсеткіші негізінде құрылған жоспар бойынша, балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өнерлеріне қолдау көрсету және мерекелік күн сыйлау мақсатында біздің мектеп Жалдама жалпы білім беретін мектебіне «Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік ашық концертін өткізді.
Балалық шақ – бұл әр адамның өміріндегі таңғажайып кезеңі, жарқын түстер мен армандарға толы әдемі әлем. Ересек адамдарға бұл мереке әр баланың өмірі, денсаулығы мен тағдыры үшін жауапкершілікті сезіндіріп, олардың бейбітшілікте өсіп, дамуы үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін еске түсіреді.
Қымбатты балалар! Сіздерге мықты денсаулық, мол қуаныш, бақытты балалық шақ, тәуелсіз еліміздің мақтанышы болуды тілейміз! Әрқашан ашық аспан астында ата-аналарыңыздың сүйіспеншілігі мен қамқорлығына бөлене беріңіздер!
Құқық адамға тек жақсы, игі істерді жасау үшін берілген. Адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынған.