«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының «Туған өлкем» фестивалінің «Zhasyl El» және «Таза Қазақстан» іс-шаралары шеңберіндегі «Болашақты бірге құрамыз» Бүкілқазақстандық экология акциясы аясында табиғатты қорғауға бағытталған игі іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға мектептің 1978 жылы туған 30 жылдық түлектері белсене атсалысты. Мектеп бітірулерінің 30 жылдығына орай түлектер мектеп білім алушыларымен бірге ауылдың кіреберіс аумағына 30 түп терек ағашын отырғызды.
Бұл бастама өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосты.