Жаңалықтар

9-11 сынып білім алушыларымен “TALK LIKE” кеші өтті. Ағылшын тілін оқытуда сөйлеу біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері берілді. Айтылым, оқылым тапсырмалары арқылы ағылшын тілін оқуға деген қызығушылықтары мен тілді әрі қарай үйренуіне ынтасы артты. Өткізген шетел тілі пәні мұғалімі: Еркін Айжанат Есентайқызы

13 желтоқсан 2024 жылы А.Нұрманов атындағы жалпы білімберетін мектебінде «Жүйелі қызмет негізінде сабаққа заманауи көзқарас» тақырыбында математика пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Білім беру процесін жүйелі қызмет әдістерімен ұйымдастыру арқылы сабақты заманауи талаптарға сай жетілдіру, оқушылардың белсенділігін арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында пән мұғалімдері Н.Кобжанова «Теңдеулерді шешу.Бөлшек рационалтеңдеулерге есеп шығару» тақырыбында 8 cыныпқа, Р. Сейденова […]

20 қараша – Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні. 1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде «Дүниежүзілік балалар күнін» мерекелеу үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынды. Осы мереке аясында және KPI көрсеткіші негізінде құрылған жоспар бойынша, балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өнерлеріне қолдау көрсету және мерекелік күн сыйлау мақсатында біздің мектеп Жалдама жалпы білім беретін мектебіне «Бақытты бала […]

«А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары негізінде тарих пәні мұғалімі Ж.Т. Шайманова 8-9 сынып оқушыларына «Жошы хан және оның ұлысы» тақырыбында тарих сағатын өткізді. Мақсаты — білім алушылардың Шыңғыс ұрпақтарының Еуразия кеңістігінде билік құруы, оның ішінде Алтын Орда мен Қазақ хандығының тікелей мұрагерлік тарихы мен байланысын ғылыми […]

Тақырыбы: «Біз буллингке қарсымыз». «Жедел жәрдем нөмерлері және сенім телефондары». Мақсаты: Білім алушыларға буллинг, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Қажет болған жағдайда жедел қызмет нөмерлері мен сенім телефондарын қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету. Нәтижесі: Білім алушылар тақырып […]

Мақсаты: Әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. Міндеті: Әжелердің бала тәрбиесіндегі орнын анықтау, Өнегелі әженің немерелеріне нені үйретуі керегін түсіндіру, Қиын жағдайда оң шешім шығаруды дағдыға айналдыруға кеңес беру. Нәтижесінде: Әжелер білім алушыларға тәрбие тал бесіктен басталатынын, немерелер үлкенді сыйлау керектігін, отбасындағы тәрбиенің құндылығы туралы білім алушыларға өнегелі үлгісін көрсетті.

Мақсаты: Туған жердің табиғатымен және тарихи орындарымен таныстыру, оқушыларды шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары үшін “Шұрыққұдық” мекеніне танымдық жорық ұйымдастырылды. Жорық барысында оқушылар туған өлкенің әсем табиғатын тамашалап, тарихи орындардың құндылығын түсініп, оның рухани және мәдени мұраларына деген құрмет сезімін қалыптастырды. Сонымен қатар, табиғат аясында уақыт өткізу арқылы олар табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, […]