«Айсұлу» тобы
Тәрбиеші: Болекова Мейрамкул Ниязовна
Тақырыбы: «Пішіндер орналастыру»ойыны
Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы баланың қол моторикасы, ойлау қабілетін, түстерді ажыратуды дамыту.
Міндеті:
— түстерді ажырата алады;
— түс атауларын айта алады;
— тапсырманы орындай алады;
Нәтиже: берілген тапсырманы орындады. Пішіндермен танысып, ажыратты.
«Балапан» тобы
Тәрбиеші: Қошанова Гульшат Сатеновна
Тақырыбы: «Шар» ойыны.
Мақсаты: Дұрыс тыныстау үшін тыныстау бұлшықеттерін басқара білуге және дем шығару кезінде ауаны бір қалыпты шығаруға үйрету.
Міндеті:
— Дұрыс тыныс алады;
-Бұлшық еттерін басқарады;
-Ауаны бір қалыпты шығарады.
Нәтиже: Бүлдіршіндердің дене бітімінің дұрыс қалыптасуын,ептілік пен икемділікті және жан-жақты дамытуға үйренеді.
«Балдырған» тобы Тәрбиеші: Абдрахманова Салтанат Жамбыловна Тақырыбы: Текше ойыны.
Мақсаты – балалардың танымдық және физикалық дамуын қолдау.
Міндеті:
— Бұл ойын арқылы балалар түстер мен пішіндерді ажыратуды үйренеді;
— Кеңістіктік ойлау қабілетін дамытады;
— Қолдың қозғалыс координациясын жетілдіреді және қарапайым құрылымдар жасауды меңгереді;
Нәтиже: Текше ойындары балалардың зейінін шоғырландыруға, шыдамдылықты арттыруға және топпен жұмыс жасауға баулиды, әлеуметтік дағдылары дамыйды.
Тәрбиеші: Орынбаева Н.Н
Тақырыбы: Ою — өрнектермен танысу.
Мақсаты: Ою- өрнекті сәйкестендіру арқылы құрастыру. Оларды қию арқылы балалардың саусақ моторикасын дамыту.
Нәтижесі: тәрбиеленушілер ұйымдастырылған іс — әрекетке белсене қатысып, білімдерін көрсетті.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үш аю» Мақсаты: Балалардың әдебиетке қызығушылығын арттыру. Көркем шығармаларды тыңдау және мазмұнын түсіну дағдыларын дамыту.
Нәтижесі:
-Ертегімен танысады; -Ертегіге деген қызығушылығы оянады;
-Ертегіні сомдайды.
Тақырыбы: «Шыр»ұлттық ойыны
Мақсаты: Тәрбиеленушілер асықтармен танысып, түстерді ажыратады.
Нәтижесі: «Шыр»ойыны асықтарды шерту арқылы ойналады.
Балалар шертіп отыру арқылы,өздеріне асықтар жинайды. Кім көп асық жинаса, сол жеңіске жетеді.
Тақырыбы: «Әжемнің ою — өрнегі»
Мақсаты: Тәрбиеленушілерді ою-өрнек түрлерімен таныстыру. Түрлі-түсті бояуларды пайдалана отырып, ою-өрнектерді безендіруге дағдыландыру.
Нәтижесі: Тәрбиеленушілер оюды бояйды, атауын ажыратады.