Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Шұғыла» шығармашылық орталығының «Жас эколог» үйірмесінің білім алушысы мен жетекшісі Арайлым Алмуканкызы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының зертханасымен танысып, тәжірибе алмасып қайтты. Нақтырақ айтқанда, «Гидропоника» «Микробиология және биотехнология», «Жалпы биология» зертханасымен, «Жаратылыстану табиғи- тарихи » мұражайымен танысты.
Аға оқытушы Құралай Козыкина » Өсімдіктің вегетативтік мүшелерінен кесінділер дайындап алу» тақырыбында зертханалық жұмыс көрсетті. Білім алушымыз зертханалық жұмысты өзі жасап, қорытынды шығарды.

«Шұғыла» шығармашылық орталығына қарасты А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Жас эколог» үйірмесінің білім алушыларымен Республика күніне орай іс- шара өтілді. Мақсаты: Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру; Отаншылдық құрмет құндылығын дамыту.
Жетекшісі: Хамитова Арайлым Алмуканкызы

«Шұғыла» шығармашылық орталығына қарасты А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Жас эколог» үйірмесінің білім алушыларымен «Қоқыс заттардың түрлері мен зияны» тақырыбында сабақ өтілді.Мақсаты: білім алушыларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету, өскелең ұрпақтың бойына экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру.
Сабақ барысында білім алушылар түстер арқылы( кәмпит) топқа бөлінді. Кәмпиттің сырты қалдық зат екені түсіндірілді. Тақырыпқа байланысты бейнеролик тамашалады, бейнероликте түсінгендерін постерге түсірді. Сабақтан алған әсерлерін, стикерге жазып, тақтаға ілді.
Жетекшісі: Хамитова Арайлым Алмуканкызы

«Жасыл клуб» жұмысының бекітілген жоспары негізінде «Жасыл желекке екінші өмір сыйла!»акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында «Жас эколог» үйірмесінің білім алушылары құстарға ұя жасап, үй және жабайы жануарларға қамқорлық көрсетті.
#Біртұтас тәрбие
#Таза Қазақстан

«Шұғыла» шығармашылық орталығына қарасты А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Жас эколог» үйірмесінің білім алушылары мен «Қышқылдық жауын-шашын мәселесі» тақырыбында сабақ өтілді.Мақсаты: қышқылдық жауын-шашын мен олардың пайда болуы жолдары туралы түсінік беру.Сабақ барысында білім алушылар Wordwall, Quizizz сынды платформалар мен жұмыс жасады.
Жетекшісі: Хамитова Арайлым Алмуканкызы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде»Алтын Дала» мемлекеттік резерватының қызметкерлері «Шұғыла» шығармашылық орталығына қарасты А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Жас эколог» үйірмесінің білім алушылары мен қайың ағашының тұқымын отырғызу жұмыстарын жүргізді.

Құжаттама