KPI көрсеткіші негізінде құрылған жоспар аясында балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, өнерлеріне қолдау көрсету және мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі тарапынан Жасбуын жалпы білім беретін мектебі, Ә.Боранбаев атындағы және Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектептеріне арнайы «Сағындырған әндер-ай» атты Шәмші Қалдаяқовтің 95 жылдығына арналған мерекелік көшпелі концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Бұл шара оқушылардың шығармашылық әлеуетін шыңдап, өнерге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ мектептер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және Шәмші әндерін насихаттауға бағытталды. Концерт барысында көрермендерге Шәмші әндерімен бірге ұлттық рухты көтеретін күйлер мен сахналық қойылым ұсынылды. Білім алушылармен бірге ата-аналар және педагогтерде өнер көрсетті. Концерт жоғары деңгейде өтіп, көрермендер жылы қабылдады және Жасбуын жалпы білім беретін мектебінің ұжымы атынан мектеп басшысы «Алғыс хат» табыстады.