13 желтоқсан 2024 жылы А.Нұрманов атындағы жалпы білімберетін мектебінде «Жүйелі қызмет негізінде сабаққа заманауи көзқарас» тақырыбында математика пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.
Білім беру процесін жүйелі қызмет әдістерімен ұйымдастыру арқылы сабақты заманауи талаптарға сай жетілдіру, оқушылардың белсенділігін арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында пән мұғалімдері Н.Кобжанова «Теңдеулерді шешу.Бөлшек рационалтеңдеулерге есеп шығару» тақырыбында 8 cыныпқа, Р. Сейденова «Өрнектерді тепе тең түрлендіру,тепе теңдіктер» тақырыбында 6 сыныпқа ашық сабақ өтті.Ұ.Сапаров «Олимпиада есептерін шешу жолдары»педагогтармен нетворкинг ұйымдастырды.Д.Батырхан «Жасанды интеллектіні сабақ барысында тиімді қолдану» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында жаратылыстану математика бірлестігінің жетекшісі А.Даулетова рефлексия өткізіп, аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.А.Бимагамбетова мен білім беру ұйымының басшысы Қ. Шонгалов қорытынды жасады. Семинарға аудан, ауыл мектептерінен 20 педагог қатынасты.