Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Тақырыбы : Сиқырлы сөздер.
Мақсаты : Оқушылардың өзін -өзі дамытуының жеке әлеуетін ашу,өзіндік сананы,өзін -өзі реттеу мен тексеру қабілетін қалыптастыру.Өзгенің даралығын бағалау,коммуникациялық дағдыны дамыту. Оқушылардың көңіл -күйін игере білуге және басқаруға,қадағалауға,дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.Тренинг барысында оқушылар арасында жағымды атмосфера қалыптасады.

Тақырыбы : Көңілді шеңбер
Мақсаты : Топтағы оқушылардың бір -бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым -қатынасты орнату,есте сақтау қабілетін дамыту,өзгенің қимылын бұлжытпай қайталауға үйрету бейсананы дамыту. Оқушылардың қабылдау процесінің қалай дамығанын анықтау,өзіне сенімділігін,шыдамдылығын арттыру.

Тақырыбы : Таным процестерін дамыту.
Мақсаты : Бастауыш сынып оқушыларының ойлау,зейін,есте сақтау қабілеттерін дамыту,оқушыларға әрқашан адамға білім керектігін түсіндіру,қоршаған ортада да білімсіз жүру мүмкін еместігіне көз жеткізе білу,тренинг арқылы білімдерін жинақтау,толықтыру.Нәтижесінде тапсырманы тез әрі қатесіз орындау керек.Мағынасына қарай сай келмейтін сөзді қатардан сызып тастау. Тренинг аяқталған соң оқушылар пікірлерімен бөлісті.

20 -қараша Дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күні » Біз біргеміз» атты тренинг жүргізілді. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейте отырып білім алушылар бірігіп сыйластықта,сенімділікте,көтер -көңіл күйде жұмыс жасады

Тренинг : пішінді құрастыру, жазықтық фигураларының түрлерін ажырату мақсатында » Пішін түрін ажырата аласың ба?» ойын арқылы оқыту жұмыс жүргізілді.Нәтижесінде » Айсұлу » кіші топ бүлдіршіндері пішіндердің түрлерін ажыратып,танып,түстерін айта білу дағдыларын қалыптасқаны анықталды.

«Егер қиын болса -жәй ғана қоңырау шал!» ақпараттық түсіндіру акциясы және сенім телефоны қызметі туралы ақпараттық түсіндіру акциясы өткізіліді.Оқушыларға,ата -аналарға,мұғалімдерге парақшалар,визиткалар таратылды.

Тақырыбы: «Суицидтік мінез -құлық пен буллинг,тұрмыстық зорлық -,зомбылықтың алдын -алу бойынша»
Мақсаты :кәмелетке толмағандар мен олардың ата -аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру,мектеп және білім алушылармен психологиялық көмек көрсету,сондай -ақ кәмелетке толмағандар мен ата -аналап қоғамның (ата -аналар,педагогтар) психологиялық сауаттылығын арттыру.Жиналыс барысында ата -аналарға бейнероликтер көрсетіліп,жаттығулар жасатып,түсінік жұмыстары жүргізілді.Ата -аналар өз ойларымен бөлісіп ,пікір алмасты.

ПҚжТЖӨОО челленджін қабылдадық. А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі. «Біздің super- психолог»

Құжаттама

Аты Түрі мен өлшемі
Жоспар pdf, 1 МБ Қараңыз Жүктеу