«Қамқор» жобасы аясында өткізілген экочеллендж «Түлектердің ағаш егуі» және «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының «Туған өлкем» фестивалі шеңберінде ұйымдастырылған «Zhasyl El» экологиялық іс-шарасы барысында биылғы оқу жылының мектеп түлектері белсенділік танытты.
Іс-шара аясында түлектер мектептің тәжірибе алаңына қарағай көшеттерін отырғызды. Бұл игі бастама арқылы олар туған жерге деген қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын ұғындыру, туған өлкені көгалдандыру арқылы табиғи ортаны жақсартуға үлес қосу болды.
Отырғызылған қарағай көшеттері болашақта мектеп ауласын көгалдандырып қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында табиғатты аялау сезімін қалыптастыратын тағылымды мұраға айналары сөзсіз.