Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлім беру бөлімі А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 200 оқушыға арналған, үш қабатты, типті ғимарат Құрылған жылы-1977 жыл, пайдалануға берілген жылы-1980 жыл. 1996 жылы жазушы А.Нұрманов есімі берілді. Мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілген. Мектептің оқыту тілі: қазақ тілінде жүргізіледі.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарын 2025 жылғы 11 сәуірдегі KZ81LAМ00001554 білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясы мен білім беру ұйымының жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Қайта тіркеудің негіздемесі «Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің атауларын өзгерту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 4 қаулысымен бекітілген жарғысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып, заңды тұлға құқығын иеленді.
Мектепте білім беру тек қазақ тілінде бір ауысымда жүзеге асырылады. 2024-2025 оқу жылында 1 ауысымда 118 оқушы оқытылды. Барлығы 118 оқушы. Мектепке дейінгі «Айсұлу»шағын орталығында «Балапан», «Балдырған», «Айсұлу»: топтары жұмыс жасайды. Тәрбиеленуші саны— 30 Мектеп алды даярлық сыныпта — 9 тәрбиеленуші. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қызметтік телефоны: 8-71440-25-5-90
Электрондық адрес: akannurmanov@mail.ru
Мемлекеттік мекеменің заңды мекен- жайы: 110200 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Байғабыл селосы , Қ.Құлымбетов көшесі, 16 үй
БСН/ЖСН 970140000261