Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Білім алушылардың бос уақыттын тиімді пайдаланып, қабілет-қарымын шыңдап, зейінін арттыру  мақсатында мектебімізде робототехника үйірмесі қосымша білім беру базасында өткізіледі. Үйірмеге 22 оқушы келіп дәріс алады. Үйірмеде LEGO mindstorms EV 3 құралымен басым бөлігінде жұмыс жасайды.  LEGO mindstorms EV 3 тің ішіндегі бөлшектер мен майда детальдары балалардың ойлау қабілетін, қолдын моторикасын дамытады. Робототехника үйірмесінен қатысушылар математика, информатика, физика, ағылшын геометрия, пәніндегі формулалармен жан-жақты зерделі жұмыс істейді. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйренсе үйірмеде сол формуланы пайдаланып тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық күш арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Программалары көбіне ағылшын тілінде. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, теориялық білімді тәжірибе жүзінде жүзеге асырады. Үйірмеде олар роботтардың жеңілінен бастап күрделісіне дейін жасап шығады.

Құжаттама