Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 16 наурыз сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жаңашырлық құндылықтарды дәріптеу барысында Шаңырақ күні болып белгіленген. Айтулы күнге орай мектебіміздің 9 –сынып білім алушысы Болатбекқызы Асыл берекесі мен бірлігі жарасқан үлгілі отбасымен жүздесіп, сұқбаттасты. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз ауылымыздың тұрғыны Отан соғысының ардагері Бейсенбай атамыздың қара шаңырағына ие болып отырған кенже ұлы Кенжебек ағамыздың шаңырағында қонақ болып, шаңырақ күнімен құттықтады.
Сондай сән салтанаты жарасып, шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толған біздің кейіпкерлеріміз өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қиындықтарды қалай еңсергендерін, отбасылық өмірдің құпиясымен бөлісті.