Мақсаты: Туған жердің табиғатымен және тарихи орындарымен таныстыру, оқушыларды шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары үшін “Шұрыққұдық” мекеніне танымдық жорық ұйымдастырылды. Жорық барысында оқушылар туған өлкенің әсем табиғатын тамашалап, тарихи орындардың құндылығын түсініп, оның рухани және мәдени мұраларына деген құрмет сезімін қалыптастырды. Сонымен қатар, табиғат аясында уақыт өткізу арқылы олар табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, экологиялық сауаттылықтарын нығайтуға мүмкіндік алды.
Таным—жорықтың нәтижесі: Білім алушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі оянады, елжандық, мейірімділік қасиеттері қалыптасады, маршуртты жаяу басып өту, күнделікті өмірде кездесетін жұмыстарды өз қолымен жасау арқылы төзімділікке дағдыланады.