Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

25.04.25 күні  тәлім алушы Ернар Салауатұлымен кәсіби сұхбат жүргізілді. Сұхбаттың тақырыбы:  «Қорқыныш.Сенім.Жетістік.»

Мақсаты: Ай ішіндегі жас маман жұмысын талдау

Нәтижесінде жас маманның сәуір айында жасаған жұмыстарына талдау жасалды. Тоқсан ішінде өткізетін ашық сабағына бағдар берілді. Облыстық «Алау» әскери-патриоттық ойындарына қатысудағы жетістіктері мен кемшін тұстарына тәлім алушы тұжырым жасады.

Жас маманға мамыр айында жүргізілетін жұмыс жоспары таныстырылды.

Тәлімгер :    А.М. Жапарова

 

 

Тәлімгер педагогтың жас маманмен жұмыс жоспары

А.Ә.Д. Ашық сабақ 11-сынып

Екінші жартыжылдық бойынша қаңтар айында өз тарапымнан жас маманның бірнеше сабақтарына да кірдім. Жас маманның алғашқы сабағына сыни көзбен қарау мақсатында емес, үйрету, бағыттау мақсатында қатыстым.  Тексеру жұмыстары кемшілік іздеу бағытында емес, түзету бағытында жүргізілсе және мектепке келген жас маманға үнемі қолдау көрсетіп отырса, нағыз шебер ұстаз болып қалыптасуына бағыт беру бағытында жүргізілді. Мектептің жақсы нәтиже көрсетуіне жас маманның да алар орны ерекше.
Сабақ жоспарына шолу жасап, бақылап, оны жазу тәртібі, оқу мақсаты, сабақ мақсаты деген не деген , бағалау қалай жүргізіледі деген мәселелерді пысықтау үшін түсінік сабағы өткізілді.