«А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ «Тілдер» бірлестігі жаңа оқу жылының басталуына орай кезекті бірлестік отырысын өткізді. Бірлестікте барлығы бес мұғалім жұмыс жасайды. Бірлестік отырысында мұғалімдердің жұмыс жоспары мен алдағы міндеттер талқыланды. Пән мұғалімдері олимпиадалық резервтегі оқушылардың мүмкіндік деңгейлерін саралады. Сол сияқты әр сыныптан тыңдалым тапсырмасын алу белгіленді. Өйткені оқушы дұрыс тыңдай алғанда ғана қалған дағдыларға жұмыс жасай алады.Отырыстың басты мақсаты бірлестікте методикалық сессия өткізу еді. Оқыта үйрету арқылы сабақтарға ЖИ-ді енгізу міндеттелді. Сонымен бірге күнделікті сабақ жоспарын жасағанда «Адал азамат» бағдарламасы бойынша құндылықтарды оқушылар бойына сіңіруді дұрыс жоспарлау тапсырылды.