Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін 16.04.2025 жылы Амангелді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Байғабыл ауылында орналасқан » А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің ора және жоғары сынып оқушыларымен жиын өткізілді.
Жиын барысында төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғаларды алдын алу мақсатында
● «Тұрмыстағы, үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелері»,”қоқыс жақпау”
● «Балаларды қараусыз қалдырмау»,
● «Судағы қауіпсіздік ережесі»,
● «Газ баллон пайдалану кезіндегі қауіпсіздік»,
● «Шырпымен ойнамау» ,
● «Көп қабатты үйлердің терезесінен балалардың құлауын болдырмау»,
● «Darmen» бағдарламасын пайдалану онын қажеттілігі — осы тақырыптарда барлық қатысушыларға нұсқаулық беріліп, видеороликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қамтылған оқушы саны-50.

Амангелді ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры Абдирзак Ғибрат Асылханович ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Аслан Боранбайұлы