«А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары негізінде тарих пәні мұғалімі Ж.Т. Шайманова 8-9 сынып оқушыларына «Жошы хан және оның ұлысы» тақырыбында тарих сағатын өткізді.
Мақсаты — білім алушылардың Шыңғыс ұрпақтарының Еуразия кеңістігінде билік құруы, оның ішінде Алтын Орда мен Қазақ хандығының тікелей мұрагерлік тарихы мен байланысын ғылыми тұрғыдан түсіну және
«Жошы хан» тарихи мәдени кешенін насихаттау. Қазақ халқының төл тарихына оқушыларды қызықтыру арқылы тарихты ұмытпауға шақыру.