«Еңбек күні» 1-11 сынып аралығында «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: балалардың қоғам өміріндегі еңбектің маңызы туралы түсінігін кеңейту, кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. 8-9 сынып білім алушылары арасында ұйымдастырылған «Еңбек түбі – береке» тақырыбында ауыл медбикесімен кездесу барысында білім алушылар тақырыпқа сай өз ойларын ашық білдіріп, нақты сұрақтарға тиімді жауап алды.
Мамандықтар марафоны!
20 қаңтар күні 5-10 сынып білім алушылары аралығында «Мамандықтар марафоны» өтті, онда сыныптар ерекше және сұранысқа ие түрлі мамандықтармен танысып, болашақтағы мамандықтарын жоспарлауға мүмкіндік алды.
Білім алушыларымыз әртүрлі мамандықтар бойынша бейнероликтер мен қабырға газеттерін дайындап, бұл мамандықтарға жету жолдарын ашып көрсете алды . Ең үздік жұмыстар марапатталды. Жүлделі 1- орынды 8- сынып білім алушылары иеленді, 2 — орынды 9 және 7 сынып білім алушылары иеленсе, 3 — орынды 10 — сынып білім алушылары иеленді.
Бұл іс-шара балалардың кәсіптік бағдарын нығайтуға, өздеріне ұнайтын мамандықты таңдауға көмектесті. Біз барлық қатысушыларға, алғыс айтамыз!
Болашағы жарқын, мамандықтары таңғажайып болсын!
Құжаттама
Аты | Түрі мен өлшемі | |
---|---|---|
Кәсіптік бағдар 2024-2025 оқу жылы | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |