Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы мен «Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты мен міндеттерін талқылауда және сабақтарын ұйымдастыру мен өткізілуі (сабақ кестесі) туралы ақпарат беруде жалпы ата-аналарға арналған алғашқы сабағы «Баланың бас ұстазы – ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу» тақырыбында өтті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 1-4сынып оқушыларының ата-аналарының арасында «Дұрыс тамақтану әдет-ғұрпын құру» тақырыбында дәріс сабағы өтті. Мақсаты:балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру
Міндеттері:
балалардың физикалық және психикалық дамуындағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын ашу; дұрыс тамақтанбауға байланысты әртүрлі аурулар және олардың салдары туралы түсініктерді кеңейту;
дұрыс тамақтану негіздерін қалыптастыруға үйрету (әртүрлілік, модерация және тепе-теңдік);
отбасында дұрыс тамақтану үшін қолдау ортасын құру бойынша практикалық кеңестер әзірлеу туралы жұмыстар жүргізілді ..
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарының арасында «Бүкіл отбасы үшін пайдалы диета» тақырыбында дәріс сабағы өтті.
Мақсаты : Ата-аналарға жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы мен оның принциптерімен таныстыру, жалпы отбасыға арналған пайдалы тағамдар жайлы мәлімет беріп ,оның болашақта денсаулығына зор әсерін тигізетінін түсіндіру.
Ата-аналарды педогогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 10,11сынып оқушыларының ата-аналарының арасында «Тамақ ішу» тақырыбында 10,11 сынып ата- аналарымен жиналыс өткізілді. Мақсаты: Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; ата- аналардың ой- өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.
«Даналық мектебі» клубы «Аталар өсиеті» секциясы
Тақырыбы: «ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ» интерактивті сабақ
Мақсаты: Туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын дәріптеу.
Сабақ барысында баланың туыстары туралы ой бөлісуде білім алушыларға аталардың ақыл-кеңестері берілді.
1-4 сынып ата-аналары арасында «Логикалық ойлауды үйрету» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрістің мақсаты: ата-аналардың бастауыш мектеп жасындағы баланың логикалық ойлауын дамытуға дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1.ата-аналардың баланың логикалық ойлауын дамытуға деген ұмтылысын дамыту;
2.ата-аналарды баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі аспектілерімен таныстыру;
3.ата-аналардың баланың логикалық ойлауын дамытудың практикалық дағдыларын дамытуға ықпал ету.
5-9 сынып ата — аналары үшін педагогикалық қолдау көрсету аясында «Балаңыздың ақыл-ойын оятыңыз» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрістің мақсаты: ата-аналардың білім беру мақсаттарына табысты қол жеткізу үшін жасөспірімнің интеллектуалдық дамуын белсенді қолдауына ықпал ету.
Міндеттері:
1.Ата-аналардың жасөспiрiмнiң зияткерлiк дамуын белсендi қолдауға деген қызығушылығы мен уәждемесiн ояту.
2.Ата-аналардың жасөспiрiмдердiң интеллектуалдық даму ерекшелiктерi туралы бiлiмiн кеңейту.
3.Ата-аналардың жасөспiрiмдердiң интеллектуалдық дамуын белсендi қолдауы үшiн қажеттi практикалық дағдылар мен қабiлеттерді игеруiне жәрдемдесу.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау аясында «Креативтілікті ынталандыру» тақырыбында сабақ өтілді.
Сабақтың мақсаты: жас ұрпақты креативті ойлауға бейімдеудің тиімді жолдарын ұсыну.
Сабақтың міндеті:
1.10-11-сынып оқушыларының креативті ойлауын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну;
2.Креативті ойлауды меңгертуде қолданылатын дәстүрлі әдістер мен инновацияны тоғыстырған амал-тәсілдерді көрсету;
3.Креативті ойлау дағдыларын қалыптастыруда нақты әдістер мен стратегияларды игеру.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарының арасында «Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері» тақырыбында дәріс сабағы өтті.
Мақсаты: Ата — аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауы жасөспірімнің денсаулығын және психикалық саулығын сақтау факторы ретінде қарастыру. Сонымен қатар жоспардан тыс «Интернет ойындарының қауіпі. Кибербуллинг» тақырыбанда алдын алу түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жоспар бойынша ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы аясында «Сапалы ұйқы-балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы » тақырыбында 1-4 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау
факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру. Сонымен қатар жоспардан тыс «Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбанда алдын алу түсінік жұмыстары жүргізілді.
10-11 сынып ата-аналары үшін педагогикалық қолдау көрсету аясында «Ұйқы және психикалық денсаулық» тақырыбында дәріс өтті. Дәрістің мақсаты: жасөспірімнің психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Сонымен қатар жоспардан тыс «Интернет ойындарының қауіпі. Кибербуллинг» тақырыбанда алдын алу түсінік жұмыстары жүргізілді.
«Үнемі оқитын адам – табысты адам» ата-аналар лекторийі.
11 – 19 қараша күндері аралығында ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні іс-шарасының жоспары аясында «Үнемі оқитын адам – табысты адам» тақырыбында ата-аналар лекториі өтті. Лекторий басталар алдында балалардың концерті көрсетілді.
Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы негізінде Г.А.Издибаева, А.К.Айтбаева, А.Е.Еркін, А.Н.Әбдіғали сынып жетекшілері 3-тарауда көрсетілген сынып жетекшісінің функциялары бойынша атқарған жұмыстарына лекция жасады және өз тәжірибелерімен бөлісті:
1) Ұйымдастырушылық және үйлестіру функциялары – 4-сынып жетекшісі Айтбаева М.К.
сынып жетекшісінің жұмыс жоспарын әзірлеу;
«мектеп-оқушы-ата-ана» өзара әрекетін жүзеге асыру;
2) Аналитикалық функциялар – 2-сынып жетекшісі Издибаева Г.А.
оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу;
сыныптағы оқушылардың жалпы даму динамикасын және үлгерім жағдайын талдау.
3) Коммуникациялық функциялар – 5-сынып жетекшісі Еркін А.Е.
білім алушылар арасындағы тұлғааралық қатынастарды реттеу;
сыныпта жалпы қолайлы психологиялық климатты қалыптастыруға ықпал ету;
білім алушылардың коммуникативті қасиеттерін қалыптастыруға көмектесу;
мұғалімдер, білім алушылар және ата-аналар (басқа да заңды өкілдер) арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
4) Бақылау функциялары – 9-сынып жетекшісі Әбдіғали А.Н.
сыныптағы білім алушылардың үлгерімін, сабаққа қатысуын, сыртқы келбетін, эмоционалдық-психологиялық жағдайын бақылау.
Өз тәжірибелерімен бөліскені үшін сынып жетекшілерге сертификат табысталды.
Құжаттама
Аты | Түрі мен өлшемі | |
---|---|---|
apқo-zhyldyқ-zhұmys-zhospary-2024-2025-oқu-zhyly | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |